Психологиялық қауіпсіздік және қарым-қатынас сипаты
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні қарсаңында психология кафедрасында 1 қазан күні М.Книсарина 7-курс білім алушыларымен «Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі және оның қатысушыларының қарым-қатынас сипаты» тақырыбында семинар және тренинг өткізді.
Аталған іс-шаралар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің BR 24992828 «Орта білім беруде психологиялық қауіпсіздік білім беру ортасын құру тәсілдері мен тетіктері» ғылыми жобасының шеңберінде өткізілуде. Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігіне және білім алушылардың денсаулығына қамқорлық жасау әрбір білім беру ұйымы мен педагог жұмысында міндетті нысаналы бағдарға, білім беру сапасын арттырудың көрсеткішіне айналады.
Ұйымдастырушылар білім алушыларда білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі және оның қатысушыларының қарым- қатынас сипаты туралы жалпы түсінік қалыптастыру мақсатын көздейді. Қатысушылар жеке тұлғаның психологиялық саулығы, білім беру ортасының қауіпсіздігі туралы өз ойларымен бөлісті.
Тренингтік жаттығулардың («Интонация», т.б.), тәжірибелік тапсырмалардың арқасында білім алушылардың тұлғалық құндылықтар жүйесіндегі білім беру ортасының маңыздылығы көрсетілді.