Ашық есік күні

Отбасылық медицина клиникасында денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, инфекциялық емес аурулардың алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті.

Жалпы тәжірибе дәрігері Р.Жиенбаева «Тұмау және ЖРВИ (вакцинация) инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, ауа тамшылары арқылы таралатын инфекциялар туралы және алдын алу мақсатында екпенің маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұмаудың алдын алу мақсатында инфекцияға қарсы дәрілер алып, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау маңызды.

Инфекциялық аурулар, балалар инфекциясы кафедрасының жетекшісі М.Құрманғазин аурудың таралу жолдары энтералды және парентералды болып бөлінетінін айтты. Эпидемиолог Д.Есекенов аурудың жұқтыру жолдары мен алдын алу туралы айтып, Ақтөбе қаласының тұрғындары арасындағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.

Шара соңында ақпараттық материалдар таратылды.