Интеграцияланған сабақ
Тілдер кафедрасында педиатрия факультеті 104-топ студенттеріне «Мәдени демалыс: театрлар, музейлер, фестивальдер, көрмелер, концерттер, әдебиет және музыка. Мекен және мезгіл, іс-қимыл үстеулері. Сөйлемдегі мезгіл, себеп-салдар қатынастары» және «Мультимедиялық технология» тақырыптарында тәжірибелік сабақ өтті. Сабақты тілдер кафедрасының аға оқытушысы Г.Алдашева және ЕЖД кафедрасының аға оқытушысы Д.Есмұханова ұйымдастырды.
Сабақта үстеулердің қарым-қатынас жасауға және ақпаратты дәлірек жеткізуге әсері зерттеліп, мультимедиялық технологияны осы ұғымдарды визуализациялау үшін қалай пайдалануға болатыны қарастырылды. Студенттер пікірталастарға қатысып, тәжірибелік тапсырмаларды орындады.
LearningApps қызметі қолданылып, өткен материалды тексеру үшін интерактивті жаттығулар жасалды. Google Forms бұлтты технологиялары студенттердің бастапқы және соңғы білім деңгейін бағалау үшін қолданылды. NearPod интеграцияланған бағдарламасы да сәтті жүзеге асырылды. Ideaboardz платформасын қолдану студенттерге идеяларды бірлесіп құруға және тақырыптарды интерактивті форматта талқылауға мүмкіндік берді.
Сабаққа академиялық сапа бөлімінің басшысы Н.Рысмағамбетова мен кафедра оқытушылары қатысып, ой-пікірлерін білдірді.