Мақсат — медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру
Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру бойынша тәуелсіз сарапшыларды оқыту мониторингі аясында университетке ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры Серікболсын Темірханұлы келді.
Тыңдаушылармен кездесу барысында Серікболсын Темірханұлы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру ережелерін бекіту туралы Заңының жаңа нормасын түсіндіріп, тыңдаушылар сұрақтарына жауап берді.
Оқыту медицина қызметкерлерінің науқастар алдындағы жауапкершілігі мен олардың кәсіби мүдделерін қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар болуы үшін қажет. Бұл сонымен қатар дәрігерлердің кәсіби қызметі және жалпы денсаулық сақтау жүйесіне де сенім артуға негіз болады.