Болашақ әскери дәрігерлер үшін жаңа мүмкіндіктер

Университетімізде Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтымен серіктестікте әскери дәрігерлерді даярлаудың бірлескен білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын мақтан тұтамыз.

Студенттеріміз заманауи медициналық білім алуға және қарулы күштерде қызмет ету үшін қажетті дағдыларды қатар дамытуға бірегей мүмкіндік алады. Бүгінгі таңда 112 студент үш негізгі бағыт бойынша белсенді білім алуда:

  • Әскери медицина
  • Әскери фармация
  • Әскери стоматология.

Егер сіз әскери медицинадағы мансапты армандайтын болсаңыз, біздің жоғары сапалы білім мен дайындыққа қосылыңыз! Бұл сіздің перспективалы және сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуыңызға жол ашады.

Болашақ — біздің студенттердің қолында.