Рухани кездесу

Аққағаз Досжанова атындағы конференц холлда жастардың жүрегіне имандылық пен ұлттық құндылықтардың нәрін сіңіру мақсатында кездесу өтті. «Жастарға кеңес» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Адал ұрпақ» атты рухани кездесуге Астана қаласы Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы, теолог Нұрлан Байжігітұлы қатысты.

Имам жастарға адамгершілік пен рухани, отбасы тәрбиесінің құндылығы туралы әсерлі әңгімесін айтып, құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алудың маңыздылығына да тоқталды. Шара барысында Нұрлан имам студенттердің көкейіндегі сауалдарына тұшымды ойларымен жауап берді. Кездесу көпшілікке ой салар рухани азық болғаны сөзсіз.

Айтып өтсек, жастардың санасына сәуле түсірген, жүректеріне имандылық дәнін еккен шараны Ақтөбе қаласының әкімдігі мен университет басшылығы бірлесе ұйымдастырды.