Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру оқытылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жоспарына сәйкес, университетте кәсіби жауапкершілікті сақтандыру және тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысы бойынша өңірдің бейінді мамандары оқытылды. Оған облыстың медициналық мекемелерінен 500-ден астам дәрігер мен хирург қатысты.
Дәрістерді Медициналық құқық мәселелерін зерттеу институтының жетекшісі Талғат Жұмағазин және қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының жетекшісі Людмила Ермұханова жүргізді. Оқытудың басты тақырыптары — кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жүйесін енгізіп, медициналық оқыс оқиғаларды талдау және сақтандыру жағдайларын анықтау болды.
Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің заңды жауапкершілігі мен құқықтық қорғау бойынша тренингтер мен аталған тақырыпта қосымша жаттығулар өтті.