Мерекеге арналды
Психология кафедрасының аға оқытушысы Айнаш Дүйсенова Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді. Оған «Стоматология» мамандығының 111-112-топ студенттері қатысты.
Мемлекеттік Гимнмен басталған шарада қатысушылар ел тарихы мен мәдениеті туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады. Сонымен қатар хордың гармонияның сүйемелдеуімен орындалған дәстүрлі қазақ әуендері де әдемі шықты.
Түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен көрініс қойылып, қазақтың ұлттық биін мың бұрала биледі. Сондай-ақ, Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы викториналық ойын ұйымдастырылды. Сайыскерлер тұшымды жауап беріп, білімдерін көрсетті.
Шара соңында психология кафедрасының жетекшісі Алуа Миралеева, тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің жетекшісі Жанна Қадырова жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.