Министр қолынан шәкіртақы алды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова студенттерімізге атаулы шәкіртақыны салтанатты түрде табыстады.

Республика күні қарсаңында университет студенттері Ерназ Жолан мен Анжела Танаева Ақмарал Әлназаровамен кездесіп, қолынан атаулы стипендия алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл — олардың академиялық жетістіктерінің жемісі ғана емес сонымен қатар болашақ кәсіби жетістіктері үшін де үлкен мотивация.

Естеріңізге сала кетсек, университетімізде бесінші жыл қатарынан талантты жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік саясат табысты жүзеге асырылуда. Марат Оспанов пен Аққағаз Досжанованың атаулы стипендиялары студенттерге жоғары академиялық жетістіктері, қоғамдық өмірге белсене қатысқаны және т.б. жетістіктері үшін беріледі. Жыл сайын 43 студент осы марапатқа ие болады. Бұл олардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, кәсіби шеберлікке ұмтылуға ынталандырады.

Баршаңызды осынау қуанышты күнмен құттықтап, толағай табыстар тілейміз!