«Қазақстан халқына» қорының грант иегерлерімен кездесті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Қазақстан халқына» қорының басқарушы директоры София Айсағалиева осы қордың грант иегерлері атанған студенттермен кездесті.
«Қазақстан халқына» қоры мемлекеттік қолдау шараларынан тыс негізгі салалардағы қазақстандықтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған. Қор мақсаты — денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында қайырымдылық көмек көрсету.
2024-2025 оқу жылында университетімізге 10 грант бөлінді. Аталған гранттар ақылы негізде оқуға түскен студенттерге яғни «Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар» квотасы бойынша берілді. Білім грантының иегері атанған студент жыл сайын 1 млн. теңгеге дейін тегін оқу мүмкіндігіне ие болып, 40 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады.
Кездесуде София Айсағалиева «Қазақстан халқына» қоры тек білім беру гранттарын бөліп қана қоймай сонымен қатар медициналық ұйымдарын рентген аппараттарымен де қамтамасыз етіп, қолдау көрсететінін тілге тиек етті.
Студенттер алға қойған мақсаттары туралы, не себепті осы мамандықты таңдағандарын айтып, білім беру грантын бөлуде көрсеткен қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.