Неврологияның өзекті мәселелеріне арналған конференция
Университет базасында әлемнің жетекші мамандарын біріктірген «Клиникалық неврология: диагностика мен емдеудегі инновациялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.
Шара барысында оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұргүл Әбенова неврология саласының өзекті мәселелеріне арналған конференцияның маңыздылығын атап өтіп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Қатысушылар неврологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласындағы соңғы жетістіктерді жан-жақты талқылап, өзара тәжірибе алмасуда. Сонымен қатар клиникалық өзекті мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін ұсынып, пікір алмасуда.
Конференция бірқатар маңызды мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Атап айтсақ, сарапшылар арасында кәсіби алмасуды дамытып, неврологиядағы заманауи үрдістер, тәжірибелік денсаулық сақтау мен жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ медициналық зерттеулерде халықаралық ынтымақтастықты нығайту туралы да талқылануда.
Ауқымды шара аясында Қазақстан, Ресей және Ұлыбританияның медициналық университеттерінің спикерлері баяндамалар жасады. Бұл халықаралық өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейін және білімді тереңдетуді қамтамасыз етері сөзсіз.
Халықаралық конференция екі күнге жоспарланды.