Башқұрт университетінде дәріс оқыды

Қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия кафедрасының PhD, доценті Айгүл Жаңабаева «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Уфа қаласындағы Башқұрт мемлекеттік медицина университетіне іс-сапармен барды.

Ондағы емдеу ісі және педиатрия мамандықтары бойынша оқып жатқан 1-2-курс студенттеріне дәріс оқыды. Адам анатомиясы пәні туралы тәжірибелік сабақтар да өткізді.

Шетелдік университеттің С.Лукманова атындағы адам анатомиясы кафедрасының жетекшісі Дмитрий Рыбалко мен профессор-оқытушылар құрамы Айгүл Болатбекқызына алғыстарын білдірді.

Башқұрттық әріптестер екі білім ордасы арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен жұмыс одан әрі жанданып, жалғасын табатындығына сенім білдірді.