«Оspanov support»: жаңа цифрлық шешім

Университетіміздің цифрландыру бөлімі әзірлеген «Ospanov Support» бағдарламасы енді қолданыста. Осы қосымшаның көмегімен қызметкерлер мен студенттер туындаған цифрлық мәселелер бойынша бөлім мамандарына бармай-ақ, QR-код арқылы сауалдарын электронды түрде жолдай алады. Оқу орны корпустарының әр жерінде орнатылған QR-кодты ұялы телефоныңызбен сканерлеп, қажетті өтінішті бірден жіберу мүмкіндігіне ие боласыз.

IT мамандары өтініштеріңізді қарап, мәселелерді жылдам әрі тиімді түрде шешілуіне көмектеседі. Жаңа бағдарлама уақыт үнемдеп, университеттегі цифрлық қызметтерді одан әрі жақсартуға септігін тигізеді.