ESC-2024 Конгресінің жаңалықтары
Ғылыми кеңес залында «Кардиологтардың күзгі мектебі: ESC-2024 Конгресінің жаңалықтары» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Шараны Қазақстан кардиологтар Ассоциациясының Ақтөбе филиалы және облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп №2 ішкі аурулар кафедрасы ұйымдастырды.
Конференцияда Еуропалық кардиологтар қоғамының 4 жаңа клиникалық нұсқаулығының негізгі ережелері ұсынылды: гипертензия, созылмалы коронарлық синдром, жүрекше фибрилляциясы және перифериялық артериялар мен аорта аурулары. Оған 102 кардиолог, терапевт, ЖТД дәрігерлері мен резиденттер тікелей қатысты. Zoom платформасындағы вебинардың онлайн трансляциясын шамамен 100 адам көрді.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Конференция баяндамаларының бейнежазбасын №2 ішкі аурулар кафедрасының YouTube арнасынан көруге болады.