Құрметті оқытушылар!

Персоналды дамыту бөлімі Сіздің назарыңызға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 466 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістермен) сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» І кезең ЖОО ішілік конкурсына өтінімдерді қабылдау басталғандығы туралы ақпаратты хабарлайды.

Толығырақ ақпаратты «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдардан (осы ҚЖ-ға қосымшаны қараңыз) алуға болады.

Конкурсқа құжаттар а.ж. 11 қарашаға дейінгі мерзімде мемлекеттік немесе орыс тілінде Персоналды дамыту бөліміне (бас ғимарат, 105 кабинет) қолма-қол және электрондық түрде hr@zkmu.kz поштасына ұсынылады.