Жүлделі ІІ орынды иеленді
Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында облыстық тілдерді дамыту басқармасы және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Халық қазынасы» облыстық байқауы өтті. Оған қаламыздағы жоғары оқу орындары мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ командалары қатысты. Сайыскерлер қойылым, бейнеролик, сұрақ-жауап шарттары бойынша бақ сынасты.
Байқау қорытындысында университетіміздің қазақ тілі пәнінің оқытушылары дайындаған «Шипагер» командасы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы достық пен сенімді нығайтуға қосқан үлесі үшін жүлделі ІІ орынды иеленіп, облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырханның Дипломы және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының ақшалай сыйлығымен марапатталды.
Университет намысын қорғап, жеңімпаз атанған команданы жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!