ТашМСИдегі академиялық ұтқырлық
4-8 қараша күндері психология кафедрасының доценті, PhD Малика Книсарина академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында (ТашМСИ) болып, студенттерге сабақтар өткізді. «Емдеу ісі» мамандығының 1-2-курс студенттері барлық сабақтарға қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды, кері байланыс жасады.
Сондай-ақ, білім алушылар «Әл-ауқатқа қайта бағдарламалау» тренингіне белсенді қатысты. Well-being (әл-ауқат) Тұжырымдамасы, оның ішінде физикалық, эмоционалдық, әлеуметтік және интеллектуалдық әл-ауқат, well-being ілгерілетудің негізгі құралдары және тәжірибелерімен танысты.
Өзбек тілі және педагогика кафедрасының оқытушылары, ақпараттық-ресурстық орталығының басшысы З.Сирожиддинова, т.б. мамандарымен бірге одан әрі бірлескен ғылыми-шығармашылық жұмыс мәселелері талқыланды.
Кафедра жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Акрамова халықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, М.Оспанов атындағы БҚМУ басшылығына жоғары оқу орындары арасындағы кәсіби ынтымақтастық мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.