«Қант диабетін диагностикалау және емдеудің жаңа мүмкіндіктері»
Бүгін осындай тақырыпта Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күніне арналған А.Досжанова атындағы конференц холлда конференция өтті. Мақсат — қант диабетін диагностикалау, емдеудегі заманауи әдістер мен жаңа технологияларды талқылап, тәжірибе алмасу. Оған №1 ішкі аурулар кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, эндокринологтар, медициналық қауымдастық өкілдері және интерндер мен резиденттер қатысты.
Ректор міндетін атқарушы Надиар Мусин дәстүрлі конференцияның білім алушылар үшін маңызы зор екенін айтып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Конференция аясында қант диабетіне қарсы күрес бағытындағы жаңа технологиялар мен тәсілдері талқыланып, озық тәжірибелер және ғылыми-зерттеулер ортаға салынды. Сондай-ақ, алдын алу мен оны басқарудағы инновациялық әдістердің жаңа бағыттары, зерттеулер нәтижелері және тиімді терапия тәсілдері қарастырылды. Онымен күрес жолында заманауи тәсілдерді енгізу арқылы науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға септігін тигізбек.
«Қант диабетін емдеуде жасушалық технологиялар». «2023 жылғы ADA/EASD ұсыныстары». «Сорғы терапиясының мүмкіндіктері». «Қант диабеті мен жүктілік». «2-типті қант диабетін фитотерапиямен емдеу». «Қант диабетімен ауыратын науқастарды амбулаториялық жағдайларда басқару алгоритмі» тақырыптары жан-жақты талқыланып, №1 ішкі аурулар кафедрасының профессорлары Хатима Құдабаева, Илиада Талипова, доцент Райкүл Қосмұратова мен облыстың бас бала эндокринологы Марина Қалжанова баяндама жасады.