Қазақстанның үздік жүз студентінің қатарында
Жалпы медицина факультетінің 4-курс студенті Анжела Танаева Астана қаласында еліміздің жоғары оқу орындары арасында өткен «Білім өркениеті» атты байқауының «Қазақстан Республикасының үздік студенті» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, І дәрежелі Диплом және арнайы төсбелгімен марапатталды.
Оған еліміздегі ең үздік студенттер қатысты. Жеңіске жету оңай болмады, бірақ Анжела одан абыроймен өтіп, жетістікке жетті. Байқау кезеңдері білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін және қоғамдық іс-шараларға қатысуы бойынша бағаланды.
Университетке абыроймен оралған Анжеланы оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұргүл Әбенова қабылдап, жетістігімен құттықтады.
Анжеланың мақсаты — тек жеңіске жету ғана емес қоғамдық бастамаларды дамытуға өз үлесін қосу. Көшбасшылық қасиеттерге ие болған ол СНК «Микробиолог», «Патоморфолог» құрамындағы студенттерге мотивация беріп, жетістіктерге жетуіне жетелейді.
Анжела Танаева және оның жетекшілері, кафедра жетекшісі Әбдіраман Қалиевті, патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының доценті Сәуле Ахметованы, микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының жетекшісі Сәулеш Құрманғалиеваны жетістіктерімен құттықтап, табыстар тілейміз!