Макеттер байқауы
Патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасында «Патоморфолог» студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен «Үздік патологиялық процесс» макеттер байқауы өтті.
Байқау аясында студенттер өз жұмыстарын ұсынып, онда әртүрлі патологиялық процестер көрсетілді. Маңызды процестердің көрінісін дәл қайталау ғана емес сонымен қатар қатысушылардың ауру механизмінің мәнін ашу қабілеті көрсетілді. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамынан жасақталған сараптамалық қазылар алқасы жұмыстарды бірнеше критерийлер бойынша бағалады.
Байқау қорытындысында І орынды медицина 221-тобынан Самрат Битілеуов «Аяқ гангренасы» макеті, ІІ орынды медицина 321-тобынан Әмір-Матин Қайдарұлы «Бауырдың майлы гепатозы» макеті, стоматология 214-тобынан Анель Бекет пен Раушан Ізберген «Миға қан құйылу» макеті, ІІІ орынды халықаралық медицина студенттері: Jabeen Anjum, Zubia Perveen, Mushtaq Mir Janib ,Yasir Ahmad Khan, Arbab Khan, Razа Hasan, Zainab Mohammad Ashraf «Саркоидоз» және «Бауыр циррозы» макеті үшін, стоматология 220 тобынан Дмитрий Қорған мен Айжан Смағұлованың «Периодонтит» макеті иеленді.
Байқау жеңімпаздары Дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал олардың жұмыстары университеттегі көрме-жәрмеңке аясында ұсынылатын болады.