Академиялық ұтқырлық бағдарламасы: Қытайдың дәстүрлі медицинасы

1-15 қараша аралығында университеттің профессор-оқытушылар құрамының өкілдері Пекин қаласында «Бір белдеу — бір жол» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қытайдың дәстүрлі медицинасы» семинарына қатысты.

Бағдарлама мақсаты — тәжірибе алмасып, Қытай медицинасының элементтерін білім беру мен емдеу үдерістеріне енгізу. Семинарға әлемнің әр түкпірінен келген мамандар қатысып, Қытайдың ежелгі емдеу әдістері мен сауықтыру тәжірибелерін зерттеді.

Бағдарлама акупунктура, фитотерапия, массаж техникасы және сауықтыру философиясы сынды Қытай медицинасының негіздерімен танысуды, Қытай медициналық ғылымдар академиясының Сиюань ауруханасы (Пекин), Hongshengtang Медициналық орталығы (Сиань) секілді жетекші медициналық мекемелерге баруды қамтыды.

Бұл ерекше тәжірибе біздің өкілдерімізге медицина мен оқытуда қолдануға болатын құнды білім алуға мүмкіндік берді.