Башқұрт университетіне іс-сапар

Инфекциялық аурулар және балалар инфекциялары кафедрасының жетекшісі Мейрамбек Құрманғазин бастаған қызметкерлер Уфа қаласына іскерлік сапармен барды. Сапар барысында Башқұрт мемлекеттік медицина университеті ректорының қатысуымен кездесулер өтіп, ғылыми ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, кафедра қызметкерлері университеттің зертханаларын, инфекциялық аурулар кафедрасын және инфекциялық аурухананы аралап, уфалық әріптестерінің инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі заманауи әдістерімен танысты.

Сапардың маңызды оқиғасы — «Инфекциялық аурулар пәнаралық мәселе ретінде: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық конференциясы мен академик Покровскийдің 95 жылдығына арналған ұлттық мектепке қатысу болды.

Бұл іссапар академиялық ұтқырлықты нығайтып, кәсіби байланыстарды тереңдетуге және инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу әдістерін жетілдіруге елеулі үлес қосты.