Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері талқыланды
Профилактикалық медицина кафедрасында «Қоршаған орта және Ақтөбе облысы тұрғындарының денсаулығы» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Оған қоғамдық денсаулық, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық ісі факультеттерінің студенттері, магистранттары, кафедра қызметкерлері мен Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының кеңесшісі Жасұлан Бекмұхамбетов қатысты. Шараның мақсаты студенттерді еліміздің және облысымыздың экологиялық жағдайымен таныстырып, қоршаған ортаның әртүрлі ластану түрлерінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылау болды.
Семинар барысында Жасұлан Бекмұхамбетов облыстың экологиялық жағдайына тоқталып, атмосфераға зиянын тигізетін заттарға жан-жақты талдау жасады. Сумен қамтамасыз ету мәселесі, мұнай-газ өндіру тұрғындар денсаулығына әсері мен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселелеріне назар аударылды.
Студенттер қоршаған ортаның ластану мәселелері турасында сұрақтарын қойып, ойларын ортаға салды.