Заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет

«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға жалпы медицина факультетінің 1-курс студенттері белсене қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Марат Исламов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған саяси көзқарастарын студенттерге жан-жақты жеткізді. Ол елдегі құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығына тоқталып, қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір азаматтың заңға құрмет көрсетуі қажеттігін ерекше атап өтті.

Студенттер тақырыпқа қатысты пікірталасқа қатысып, өз ойларымен бөлісті. Мемлекет басшысының тұжырымдамаларын қолдайтындарын айтып, өзара пікір алмасу арқылы заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі туралы тереңірек түсінік қалыптастырды. Сондай-ақ, шара аясында құқықтық сана мен жауапкершілікті арттырудың нақты тетіктері, оның ішінде жастардың құқықтық сауаттылығын дамыту жолдары талқыланды. Студенттер құқықтық мәдениетті қалыптастыруда білім беру ұйымдарының рөлі мен мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Шара қорытындысында қатысушылар қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын орнықтыру үшін әрбір азаматтың белсенді атсалысуының маңызды екенін айтып, бұл бағытта ортақ күш-жігер жұмсау қажеттігін қолдады.