«Үздік ғылыми қызметкер-2024» конкурсына қатысуға шақырамыз!
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым мен техника саласын дамытуға үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерді қолдау мақсатында жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» премиясын тағайындау бойынша конкурс жариялайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28 қарашаға дейін.
Өтінім беру:
Өтінімдер тек электронды түрде, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады: https://scicontest2024.iac.kz
Үміткерлердің жетістіктері келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы.
- Уәкілетті орган бекіткен ғылыми атақтың болуы.
- Таңдалған ғылыми бағыт бойынша жобалар мен бағдарламаларды басқару.
- Ғылыми бағыт бойынша жарияланған еңбектердің (рецензияланатын журналдардағы мақалалар, монографиялар, патенттер және т.б.) саны мен сапасы.
- Шетелдік жетекші ғалымдармен бірлескен халықаралық беделді журналдардағы мақалалардың болуы.
- Соңғы бір жылда жоғары оқу орындарында пәндерді оқыту.
- Докторлық (PhD) дәрежесін алған кадрларды даярлау.
- Ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізудің дәлелденген нәтижелері.
- Ғылыми зерттеулердің сапасын, тиімділігін және ықпалын арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.
Ғылыми қызметте жаңа белестерге бірге жетейік! Өтінім беріп, «Үздік ғылыми қызметкер» атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Барлық сұрақтар бойынша ғылыми-аналитикалық бөліміне (бас корпус, 5-қабат, 514-каб) немесе nauka@zkmu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуларыңызға болады.