2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы аясында жас постдокторант- ғалымдардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс жариялайды.

Ғылымды дамытудың басым бағыттары:

  1. Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану.
  2. Энергия, озық материалдар және көлік.
  3. Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар.
  4. Елдің зияткерлік әлеуеті.
  5. Өмір және денсаулық туралы ғылым.
  6. Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы.
  7. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік.

Қатысу шарттары:

— Конкурсқа Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарында жұмыс істейтін жас постдокторант ғалымдар қатыса алады.

— Қаржыландыру аталған бағыттардың бірі шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындауға беріледі.

Конкурстық құжаттама және өтінімдер беру:

— Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар туралы толық ақпарат, сондай-ақ өтінім нысаны ҚР ҒЖБМ сайтында орналастырылған конкурстық құжаттамада https://www.ncste.kz/ru/konkurs-na-programmno-czelevoe-finansirovanie-po-nauchnoj,-nauchno-texnicheskoj-programme-na-2024-2026-godyi-ministerstva-ekologii-i-prirodnyix-resursov-respubliki-kazaxstan қолжетімді.

— Өтінім беру мерзімі: 5 желтоқсанға дейін.

— Өтінімдер Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.

Жас ғалымдарды конкурсқа белсенді қатысып және Қазақстан ғылымының дамуына үлес қосуға шақырамыз!

Барлық сұрақтар бойынша ғылыми-аналитикалық бөліміне (бас корпус, 5-қабат, 514-каб) немесе nauka@zkmu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуларыңызға болады.