Академиялық адалдық апталығы
Құрметті студенттер және оқытушылар!
25-29 қараша күндері тілдер кафедрасында Академиялық адалдық апталығы өткізіліп жатқанын хабарлаймыз. Апталық мақсаты — студенттер мен оқытушылар арасында Академиялық адалдық мәдениетін дамыту.
Апталық аясында бірнеше түрлі іс-шаралар өтеді:
Студенттердің БҚМУ-дың Академиялық адалдық саясаты бойынша білімдерін тексеру.
Бейнефильмдер байқауы.
Жоғары оқу орнындағы Академиялық адалдық құндылықтарына көзқарастары бойынша студенттер арасында сауалнама.
Студенттерге арналған онлайн/офлайн семинарлары.
Тілдер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел.