Жеке гигиена мен денсаулық — салауатты ұрпақ кепілі

Халықаралық медицина факультеті студенттерімен (қыз балалар) кездесу өтіп, қыз балалардың жеке бас гигиенасы және денсаулық сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған жастар ісі жөніндегі қызмет мамандары, кураторлар мен агенттер қатысты.

Шара барысында сөз алған халықаралық медицина факультетінің деканы Диана Примкулова:

— Әрбір қыз бала үшін жеке бас гигиенасының маңызы зор. Себебі ол — болашақ ана. Өмірге дені сау ұрпақ әкелу үшін қыз бала қазірден бастап өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дәрігер бақылауында болу керек, — деді.

Отбасылық медицина клиникасының дәрігері Салтанат Ақанова «Салауатты өмір салтын сақтау», халықаралық медицина факультетінің деканы Диана Пірімқұлова «Қоғамдық орындардағы жаңа заманауи мәселелер» тақырыптарында баяндама жасады.

Кездесу соңында жастар дәрігерлерге сауалдарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті.