Әйел және қоғам

А.Досжанова атындағы конференц холлда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында барлық факультет студенттерінің қатысуымен «Әйел және қоғам» тақырыбында кездесу өтті.

Шараға облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы-бас инспектор М.Қорғанбаева, Ақтөбе қаласының полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Б.Жалекешова, «Ана үйі» ресурстық орталығының үйлестірушісі М.Өтегенова, «Үміт» сәбилер үйінің бас дәрігері А.Бижанова, «Жалын» пікірсайыс клубының үйлестірушісі Ш.Досмұхамбетова, факультет декандары, жастар ісі жөніндегі қызмет мамандары мен кураторлар қатысты.

Тақырып аясында спикерлер мазмұнды баяндама жасап, жастар сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, студенттердің дайындаған сурет көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, «МедART» студенттік театрының актрисасы Альбина Исенбаева «Тұрмыстағы әйел» монологын оқыды және «МедSTARS» ұйымының әншілері Бекбол Талапов пен Мақсат Өмірберді «Әр әйел бақытты болуға лайықты» әнін шырқады.