Ашық есік күні: 624 студент экскурсияға келді
Музейдің негізгі бағыттарының бірі — университет студенттеріне кәсіби бағыт-бағдар беру. Оған келген әрбір студент науқастың өмірі дәрігер қолында, яғни оның білімі мен тәжірибесіне байланысты екенін ұғынып, жауапкершілікті сезінеді.
Медицина саласының күрделі екеніне көз жеткізіп, жастарды медицина мамандығына немқұрайлы қарамауға жетелейді. Медицина саласын таңдаған болашақ дәрігерлер өздері білім алатын оқу ордасының тарихымен танысу керек. Әрине, ол студенттердің білімін тереңдетіп, шығармашылық қабілеті мен кәсіби бағдарын дамытуға ықпал етеді.
Осыған орай, университет музейі 1-курс студенттеріне дәстүрлі Ашық есік күнін ұйымдастырды. Экскурсия барысында студенттер ұлт мақтанышына айналған, әлемге әйгілі ақ халатты абзал жандардың жүріп өткен дара жолы, жеткен жетістіктерімен танысты.
Ашық есік күнінің алғашқы кезең қорытындысында университет факультеттерінен 57 топ яғни 624 студент экскурсияға келді.
Ашық есік күні оқу жылында жалғасын таба бермек.