«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн»: акция жалғасуда
Медициналық және биологиялық химия кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне арналған «Қоғам дерті: тұрмыстық зорлық-зомбылық» атты дөңгелек үстел өтті.
Оған Ақтөбе қалалық №1 полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Р.Иньятов, әлеуметтік-психологиялық қолдау қызметінің психологы Д.Нариманов, психолог Б.Нұрсейт, стоматология, фармация, мейіргер ісі, қоғамдық денсаулық сақтау және медикалық-профилактикалық ісі факультеттері деканының орынбасары М.Жайлыбаев қатысты.
Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық — тек бір отбасының ғана емес қоғам алдында тұрған қатер. Қоршаған ортада болып жатқан мән-жайларға бейжай қарамай, құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылыққа қарсы күресу — әрбір азаматтың борышы.
«Медицина» 111-116-топтары, «Қоғамдық денсаулық» 101-102-топ студенттеріне зорлық-зомбылық мәселесі және онымен күресудің жолдары, жәбірленуші болған жағдайда жасалатын іс-әрекеттер мен көмек көрсету ұйымдары туралы түсіндірілді.