Әлішер — Гран-при иегері

Астана медицина университеті А.Әубәкіров атындағы адам анатомиясы кафедрасының ұйымдастыруымен аталған оқу орнының 60 жылдығына арналған «Анатомия әлемі — world of anatomy» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-морфологиялық конференциясында «Медицинадағы инновациялар» секциясы бойынша 3-курс студенті, «Анатом» студенттердің ғылыми үйірмесінің старостасы Әлішер Жексен Гран-при жеңімпазы атанды.

Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркия университеттерінің жас ғалымдары қатысты. Конференция мақсаты — морфология ғылымдарын насихаттап, ортақ ғылыми жобалар мен стартаптарды құрып, талқылау және тәжірибе мен идеялар алмасу.

Сонымен қатар, «Университетаралық ғылыми пікірталас алаңын құру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде «Анатом» студенттердің ғылыми үйірмесінің жұмысы туралы ақпарат беріліп, алдағы уақытта атқарылатын ортақ жұмыстар туралы талқыланды.

Әлішер Жексенді және ғылыми жетекшісі, қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия кафедрасының PhD, доценті Айгүл Жаңабаеваны жетістіктерімен құттықтап, алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына табыстар тілейміз!