Әйелдердің құқығын қорғау туралы дөңгелек үстел

«Әйелдердің құқықтары және зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік» тақырыбында фармакология кафедрасының оқытушысы Ә.Сейітжанова стоматология факультетінің 211, 212-топ студенттерімен дөңгелек үстел өткізді. Мақсат — зорлық-зомбылықтың алдын алып, жолдарын талқылау. Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Әйелдердің құқықтарын қорғау — бұл әділетті және тең қоғам құрудың маңызды қадамы. Құқықтарды қорғау тек заңдар арқылы ғана емес қоғамдағы сананы өзгерту арқылы да жүзеге асырылады.

Шара барысында зорлық-зомбылық туралы баяндама жасалып, «Өмір — бумеранг» көрінісі қойылды. Студенттер пікір алмасып, сұрақ-жауап жүргізілді.

Қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттырып, заңнаманы қатаңдату және қоғамдағы стереотиптерді жоюдың маңыздылығын атап өтті.