Апталық қорытындысы

25-29 қараша күндері тілдер кафедрасында Академиялық адалдық апталығы өтті. Кафедра оқытушылары Л.Сыдық, А.Аралбай медицина факультетінің 219-220-топ пен педиатрия факультетінің 109-110, 111-112-топ студенттерімен университеттің академиялық саясаты бойынша білімдерін тексеру мақсатында тәжірибелік сабақтар өткізді.

Студенттердің академиялық саясат туралы білімдерін насихаттау мақсатында «Академиялық саясат» тақырыбында онлайн/офлайн фарматында семинарлар ұйымдастырылды.

Әлеуметтік желілерде, оқытушылар мен студенттердің чаттарында «Академиялық саясат сіз үшін нені білдіреді?» атты бейнероликтер байқауы көрсетілді. Бейнероликтер Google drive платформасында жарияланды. Оқытушылар мен студенттердің дауыс беру қорытындысы бойынша үздік бейнероликтер анықталды. Атап айтсақ, «Үздік шығармашылық/түпнұсқа жұмысы», «Үздік сценарий», «Үздік техникалық ұйымы» номинациялары бойынша марапатталды. Google drive платформасында 100-ден астам студентке академиялық саясат білімдері туралы онлайн сауалнама жүргізілді.

Дөңгелек үстел модераторы, тілдер кафедрасының профессоры Е.Ағапов болашақ дәрігерлер үшін ашық диалог пен тақырыпты жан-жақты түсінудің маңыздылығын атап өтті. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.