Литва профессорының сапары
25-29 қараша күндері қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасына «Visiting professors» бағдарламасы аясында Литва денсаулық ғылымдары университеті (Каунас қ., Литва) мейірбике ісі кафедрасының жетекшісі, PhD профессор Аурелия Блажевичене сапармен келді.
Сапар барысында профессор Аурелия Блажевичене «Мейірбике ісі» білім беру бағдарламасының 1, 2, 3, 4-курс студенттеріне, магистранттарға, докторанттар мен оқытушыларға және практикалық денсаулық сақтаудағы мейірбикелерге мейірбикелік практикадағы заманауи үрдістерге, сондай ақ тез өзгеретін медициналық орта жағдайында мейірбике білім беру мәселелеріне баса назар аударылған бірқатар дәрістер оқып, шеберлік сабақтарын жүргізді.
Профессор сапары екі университет арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болды. Тәжірибе алмасып, ғылым және білім беру бағдарламаларындағы зерттеулердің аясын кеңейтуге ықпал етті.