Ресей Федерациясына ғылыми іс-сапар

Мәскеу қаласында «Ғылым және жоғары мектеп қазіргі заманның сын-тегеуріндері алдында: стратегиялар мен даму перспективалары» халықаралық қатысуымен IV ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Шара Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының базасында ұйымдастырылды. Конференцияға IRN AP19678139 «Батыс Қазақстанда білім алушы жастардың әл-ауқатының қарқынды өсуінің әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктерін бағалау» ғылыми жобасымен жұмыс істейтін зерттеушілер М.Книсарина мен А.Сыздықбаева қатысты.

Халықаралық өнер және коммуникациялар колледжінде М.Книсарина «Әл-ауқатқа қайта бағдарламалау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Мақсат — студенттерге жеке адамның әл-ауқаты туралы жалпы түсінік беріп, оған жету жолдарын үйрету. Қатысушылар әдістер туралы біліп қана қоймай, өз бақыты мен өмірге қанағаттану деңгейін арттыру үшін оларды іс жүзінде қолдана алды. Шеберлік сабағы аясында университетіміз ұйымдастырған халықаралық байқаулардың жүлдегерлеріне Дипломдар мен Алғыс хаттар табысталды.

Келесі іс-шаралардың қатысушылары мен жеңімпаздары анықталды. Олар: Ашық хат дизайнын әзірлеу бойынша «ХХІ ғасырдағы студенттердің психологиялық саулығы» II халықаралық жастар байқауы. «Қазақстан Республикасындағы паллиативтік көмек: табыстар, проблемалар, перспективалар» халықаралық қатысуымен IX республикалық конференциясының шеңберінде өткен «Болашақ — қамқорлықпен» паллиативтік көмектегі әлеуметтік және психологиялық бастамалардың I жастар конкурсы.