Конгреске қатысуға шақырамыз!

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті «Сот- медициналық сараптама жүйесіндегі білім беру, ғылым және практика» атты І Халықаралық конгресіне қатысуға шақырады. Конгресс мақсаты — сот медицинасының даму үрдісіндегі инновациялық және практикалық аспектілерінің тенденцияларымен ғылыми бағыттарының тығыз байланысын талқылау алаңын құру.

Конгресс жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Сот медицинасындағы білім беру және үздіксіз кәсіби дайындау мәселелері мен болашағы.
  2. Сот медицинасы және патологиялық анатомияның теориялық және қолданбалы маңызы.
  3. Сот-медициналық сараптама өндірісіндегі сәулелік диагностиканың қолданбалы маңызы.
  4. Сот медицинасындағы лабораториялық зерттеулердің өзекті мәселелері.
  5. Медициналық қызметкерлердің кәсіби құқық бұзушылығы және тірі адамдарға қатысты сот-медициналық сараптамасының мәселелері.
  6. Сот медицинасындағы биологиялық және молекулярлық-генетикалық зерттеулердің мәселелері.
  7. Орта және кіші медициналық қызметкерлердің сот медицинасындағы алатын орны: психо-эмоционалдық және практикалық аспектілері.

Конгресс аясында сот-медициналық сарапшыларына және орта медициналық қызметкерлерге арналған шеберлік сабақтары мен семинар өткізу жоспарланды.

Өтетін күні: 12-13 желтоқсан 2024 жыл.

Өтетін орны: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті.

Конгреске ғалымдар, сарапшылар, университет профессорлары, білім беру саласының барлық деңгейдегі оқытушылар, алғашқы медициналық- санитарлық көмек қызметкерлері, жас зерттеушілер шақырылады.