Визитинг-профессор
Психология кафедрасында «Визитинг-профессор» бағдарламасы аясында Еуропалық университеті мінез-құлық ғылымдары кафедрасының жетекшісі, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Хатуна Дондоладзе «Жалпы медицина» мамандығының 5-курс студенттеріне «Сommunication skills in clinical practice» пәні бойынша «Медицина студенттеріне арналған бихевиористика», «Пациенттердің эмоциялары мен реакцияларын интерпретациялау», «Мінез-құлық белгілері бар науқастарды бағалау», «Ауруханаға жатқызу кезіндегі стресс», «Дәрігер мен пациенттің қарым-қатынасы» тақырыптарында ағылшын тілінде қызықты да мазмұнды дәріс оқыды.
Шетелдік профессормен бірлескен жұмыстың тәжірибелік нәтижелері «Жалпы медицина» мамандығының 5-курсына арналған «Communication skills in clinical practice» пәні бойынша силлабустарды түзетудің кеңесі болып табылады. «Meдицина» мамандығының 1-курсына арналған «Basics of communication skills» және «Gylymy alliance» журналының №3 санында Х.Дондоладзе мен А.Миралееваның «Effects of winning a sports match on emotional duration and work performance in adolescent supporters during the postcompetition period» атты бірлескен мақаласы жарияланды.