Академиялық адалдыққа бағыт

Біздің университет елдің 18 жетекші жоғары оқу орнын біріктіретін Академиялық адалдық лигасына кіруге өтініш берді.

Университет өкілдері елдегі жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибесін зерделеп, Максұт Нәрікбаев атындағы университет жанындағы Академиялық адалдық лигасының жобалық кеңсесі мен Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұйымдастыруымен өткен оқу бағдарламасына қатысты.

Бұл бағдарлама білім беру және басқару процестерін жетілдіру жолындағы маңызды қадам болды.

Жоғары стандарттарға қол жеткізу үшін біз: Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер арасында Академиялық адалдық мәдениетін көтеру. Білім беру процесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін цифрлық экожүйені дамыту. Академиялық этиканы қолдау құралы ретінде комплаенс қызметін нығайтуға ниеттіміз.

Бұл — қадам кәсіпқойлық, адалдық пен құрмет негізгі құндылық болып табылатын орта қалыптастыруға деген ұмтылысымыздың көрсеткіші.