Назарбаев университетінде біліктілікті арттыру курсынан өтті
Университеміздің қызметкерлері Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінде «Academic Leadership Institute: Deans School» бағдарламасы бойынша 4 айлық біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады.
Бұл бағдарламаға Қазақстан мен Қырғызстанның жоғары білім беру саласындағы 83 көшбасшысы қатысып, қатаң іріктеуден өтті. Біліктілікті арттыру бағдарламасы қазақстандық жоғары оқу орындарының декандарын заманауи өзгерістер мен жоғары білім саласындағы жетістіктерге сәйкес тиімді басқаруға қажетті құзыреттермен қамтамасыз етуге бағытталған.
Бағдарлама модульдері келесі өзекті тақырыптарды қамтыды:
Білім беру сапасының менеджменті. Ғылыми зерттеулерді басқару. Цифрлық трансформация. Стратегиялық жоспарлау. Көшбасшылық және басқару. Оқыту мазмұнды пікірталастар, практикалық сабақтар және кәсіби байланыс орнату мүмкіндіктерімен толықты.
Назарбаев университетінің басшылығына, Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаеваға және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке осы курсты ұйымдастырғаны және ұсынылған мүмкіндіктер үшін алғысымызды білдіреміз!