ҚҰРМЕТТІ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕР!

Сіздерді 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіздіктің арқасында кең байтақ қазақ елі қалыптасты. Төл тарихымыз түгенделіп, қайта оралды, мемлекетіміздің тірегіне айналған Рәміздеріміз тұғырына қонды. Қазақстанның шынайы елдігін көрсететін маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды.

Осы уақыт аралығында біз әлемдік қауымдастықтың алдында қазақстандық даму үлгісін батыл түрде паш еттік. Жылдан-жылға егеменді еліміз өсіп-өркендеп, гүлденіп, элеуметтік-экономикалық жағдайы қарқынды дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Осының барлығы — ауызбіршілігіміз бен ынтымақтастығымыздың нәтижесі екені сөзсіз.

Мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, татулық пен бақыт, еңбектеріңізге толағай табыстар мен тілеймін!

Құрметпен,

Төлебай Рахыпбеков

университеттің директорлар кеңесінің төрағасы.

(Фото: Жоғарғы Кеңес отырысы, 16 желтоқсан 1991 жыл)