Халықаралық олимпиада

Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің шақыртуымен 1-2-курс студенттері алғаш рет Медициналық химия және Биологиялық химия пәндері бойынша медициналық ЖОО студенттеріне арналған V халықаралық олимпиадаға қатысты. Қашықтан қатысу барысында кездескен кейбір қиындықтарға қарамастан, студенттеріміз тестілеудің 1-кезеңінен сәтті өтіп, пәндік сұрақтар, жағдаяттық есептерді шешу және практикалық дағдыларды орындауды қамтитын ауызша сауалнамада жүлделі орындарға таласты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Шайзан Назир (259 А) және Садия Парвин (253 Б) биохимиядан тестілеуде 100% нәтиже көрсетіп, 2-орынды иеленді. Гүлшан Соланки (253 А) 3-орынға қол жеткізді.

Сонымен қатар, түрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталған студенттеріміз: «Авиценна шәкірті» номинациясы бойынша Durvang Gajanan (252 А), Мадина Кенжебаева (201 педиатрия). «Риторика» номинациясы бойынша Nupur Lunechiya (251 B), Амина Кожевникова (208 педиатрия). «Мәселені ғылыми көзқараспен шешу» номинациясы бойынша Hemant (256 A). «Жағдайлық мәселелердің ең жақсы шешімі» номинациясы бойынша Сабина Бабаева (208 педиатрия). «Ақыл-ой жеңісі» номинациясы бойынша Аружан Садуадин (209). Сертификаттармен марапатталғандар: Ислам Аманқосов (210), Anas Khan (259 B), Irshad Ahnad Bhat (255 A), Ilyas (259 B) және 1-курс студенттері.

Студенттерімізді білім бәйгесіндегі жетістіктерімен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыра беріңіздер!