«Зверев оқулары»
Жыл сайын Ресейдің Орал мемлекеттік медицина университеті балалар хирургиясы кафедрасының профессоры Наталья Цаптың жетекшілігімен Оралдағы балалар хирургиясының негізін қалаушы Алексей Зверевті еске алуға арналған «Зверев оқулары» халықаралық қысқы мектебі ұйымдастырылады. Биылғы ІХ халықаралық қысқы мектепке Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан студенттері мен резиденттері қатысты.
Оған балалар хирургиясы кафедрасының доценті Б.Бисалиевтің жетекшілігімен аталған кафедра резиденттері Б.Бөрі, А.Тұрсынхан, Н.Қуанышбай, Е.Гафуров, Н.Қабдол, А.Нәбиев, Н.Сүлейменов, А.Амангелдиева қатысты.
«Оқушы — ұстазға» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында университет командасынан Е.Гафуров «Жасөспірім қыздарда жедел аппендициттің жасырын көрінісіндегі гинекологиялық жедел аурулар» тақырыбында баяндама жасап, ординаторлар арасында II орынды иеленді. Доцент Б.Бисалиев «Іштің алдыңғы қабырғасының ақаулары» тақырыбында дәріс оқыды.
Сондай-ақ, мектеп бағдарламасында эрудиция, суға батып бара жатқан адамды құтқару, медициналық эвакуация, реанимация конкурстары болды. Қатысушылар диагностика мен емдеу және лапароскопиялық оталар дағдыларын көрсетті.
Шара соңында Дипломдар және естелік сыйлықтар табысталды.