Ресей профессорының сапары

№1 балалар аурулары неонатологиямен кафедрасына «Визитинг-профессор» бағдарламасы аясында Астрахань мемлекеттік медицина институты факультеттік педиатрия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ольга Башкина арнайы іс-сапармен келді.

Сапар барысында профессор Ольга Башкина жалпы медицина факультетінің 4-курс студенттеріне, «Неонатология», «Аллергология» мамандықтары бойынша 1- 2-курс резиденттеріне, т.б. дәрігерлерге және дәрігерлік практикадағы заманауи үрдістерге, сондай ақ тез өзгеретін медициналық орта жағдайында дәрігерлік білім беру мәселелеріне баса назар аударылған бірқатар дәрістер оқып, шеберлік сабақтарын өткізді.

Профессор сапары екі университет арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам болды. Тәжірибе алмасып, ғылым және білім беру бағдарламаларындағы зерттеулердің аясын кеңейтуге ықпал етті.