Визитинг-профессор
№2 ішкі аурулар кафедрасында «Визитинг-профессор» бағдарламасы аясында Ресей Федерациясының мемлекеттік ғылыми орталығы А.Бурназян атындағы Федералды медициналық-биофизикалық орталығының инновациялар және үздіксіз білім беру медициналық-биологиялық университеті терапия кафедрасының профессоры Игорь Посохов онлайн-дәрістер циклын өткізді. Курс жүрек қақпақшалары ауруларына арналды. Оған кафедра оқытушылары, кардиолог-резиденттер, терапевттер, реатибилитолог және тәжірибелік денсаулық сақтау дәрігерлері қатысты.
И.Посохов — кардиология саласындағы белгілі маман. Гипертензиология, алдын алу кардиологиясы және жүрек қақпақшалары аурулары бойынша маманданған.
Дәрістерде жүрек қақпақшалары ауруларының заманауи анықтамасы, этиологиясы, эпидемиологиясы, гемодинамикасы және кардиологияда мультимодальды визуализацияны қолдану арқылы диагностика критерийлері қарастырылды. Профессор Игорь Посоховпен ынтымақтастық тек «Визитинг-профессор» бағдарламасымен шектелмей кафедра қызметкерлерімен бірлесіп, жүрек жеткіліксіздігін диагностикалау мәселелеріне арналған «Vascular Health and Risk Management» (Q2) журналында мақала жарияланды.
Алдағы уақытта да бірлесіп, мақалалар жариялау жоспарлануда.