Ғылым биігіндегі тұлғалар
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақтөбе қаласының 155 жылдығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығына арналған «Ғылым биігіндегі тұлғалар» атты көрме өтуде. Аталған көрме залында ҚазССР және Батыс Қазақстан бойынша медицина мен ғылымның дамуына зор үлес қосқан тұлғалар туралы экспозиция жасақталды.
Батыс Қазақстанның нейрохирургиялық қызметінің негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Юрий Бирючков, университеттің травматология курсымен нейрохирургия кафедрасының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас нейрохирургы, жоғары санатты дәрігер Михаил Бирючков, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, университетімізді ширек ғасырға жуық басқарған Әжмағи Смағұлов, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Сайым Балмұқанов, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА және МҒА корреспондент-мүшесі, Профилактикалық медицина академиясының академигі Раиса Көзденбаева, оқу орнымыздың ректоры болған, көрнекті дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев және дәрігер-нейрохирург, профессор, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшолақов сынды тұлғалардың жеке заттары мен суреттері қойылған.
Медицина мен ғылым тарихында айрықша із қалдырған бұл тұлғалардың елеулі жетістіктері көрмеде орын алды.