Шетел студенттерінің қайырымдылық акциясы

2024 жылдың 26 желтоқсанында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің халықаралық медицина факультет студенттері “Үміт” сәбилер үйіне барып, бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Жастар ісі жөніндегі қызметінің қолдауымен 1 жатақхана көшбасшылар мен қызметкерлері демеушілік жасап, сәбилерге жаңа жылдық көңіл күй сыйлап, сыйлықтар тарту етті.

Университетімізде білім алушы Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланка елінен келген студенттер шет елде жүрсе де қазақтың балдарын бауырына тартып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Бүлдіршіндерді жаңа жыл меркесімен құттықтап келген шетелдік студенттерге “Үміт” сәбилер үйінің бас дәрігері А.Бижанова өзге елден келіп, білім алып жатқан студенттерге зор ризашылығын білдірді. Бұл шараға әдемі костюмдерін тарту етіп жеке кәсіпкер демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкер А. Абиловаға ризашылығымыз шексіз.

Қазақ елінің қара көздеріне қол ұшын созып, қайырымдылық көрсеткен шетелдік студенттердің бұл ісі көңілге қуаныш ұялатары анық. Қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке, жанашырлыққа, көмек көрсетуге тәрбиелеу. Бұл игі бастамалар өз жалғасын табатын болады.

Аталған іс-шара ТМД-ның 17 бағыты «Тұрақты даму жөніндегі жаһандық серіктестік шеңберінде іске асыру құралдарын күшейту және жұмысты жандандыру» аясында өтті.