Тоғызқұмалақ шебері
Түркияның Анкара қаласында 13, 15, 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті. Турнирге 12 елден (Түркия, Румыния, Молдова, Қазақстан және т.б.) 200-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынасты. Ауқымды шараны Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы ұйымдастырды.
Аталған додада ел намысын жалпы медицина факультетінің 1-курс студенті Балнұр Тілегенова қорғады. Ол ақтық сынға дейін жетіп, жүлделі 2-орынды қанжығасына байлады. Балнұрдың бұл жетістігі оның қажырлы еңбегі және жаттықтырушысы Асылхан Дуанбековтың шеберлігінің нәтижесі екенін айта кеткен жөн.
Спортшымызды үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да тек биік белестерді бағындыра беруіне тілектестігімізді білдіреміз!