«Медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы және заңды жауапкершілігі. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру. Тәуелсіз сараптау комиссиясының жұмыс тәртібі» тақырыбындағы семинарға шақырамыз!
Медициналық құқық мәселелерін зерттеу институты ағымдағы жылдың 22-23 қаңтарында дәрігерлер мен хирургтарды, фармацевттер мен сарапшыларды, фельдшерлер мен акушерлерді, медбикелер мен лаборанттарды, менеджерлер мен аудиторларды, сондай-ақ кадр, заң, қаржылық қызмет мамандары және т.б. денсаулық сақтау қызметкерлерін семинарға қатысуға шақырады.
Екі күндік сабақтар (әрқайсысы 3 сағат) дәріс-семинар түрінде өтеді. Семинар барысында төмендегі тақырыптар бойынша презентациялар, кейстер, заңнамалық актілерге сілтемелер, сұрақ-жауаптар, проблемалық құқықтық жағдайлар қарастырылады.
1-күні: Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық қорғану әдістері мен құралдары, соның ішінде сыртқы қол сұғушылықтан (ұрып-соғу, қорлау, жала жабу, жанжал жағдайлары) және жұмыс берушіден (жарғылық емес қатынастар) қорғану, дәрігерлік қателік жағдайында қорғану, ар-намысты, абырой мен іскерлік беделді қорғау, негізді тәуекел, аса қажеттiлiк, қылмыстық процесте қорғану, басқа құқық бұзушылықтардан қорғану. Жанжалдан қорғану. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру. Тәуелсіз сараптау комиссиясының жұмыс тәртібі.
2-күні: Медицина және фармацевтика қызметкерлері заңды жауапкершілігінің түрлері. «Медициналық қате». Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің қылмыстық-құқықтық жауапкершілігі. Медициналық көмек көрсетуге байланысты қылмыстар (ҚР ҚК 317-323-баптары). «Медициналық құпия». Медицина қызметкерлерінің әкімшілік-құқықтық (ҚР ӘҚБтК-нің баптары), азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауапкершіліктері. Еңбек даулары. Кәмелетке толмаған науқастарға, сондай-ақ репродуктивті денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсетудің құқықытық ерекшеліктері. Жүктілікті заңсыз үзу. Медициналық құжаттама (уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын және қайтыс болу туралы анықтаманы беру тәртібі және т.б.).
Өткізілетін уақыты мен орны: семинар 22-23 қаңтарда, сағат 14-17 аралығында университеттің бас ғимаратында өтеді. Екі күндік семинарға қатысу төлем ақысы 10 000 (он мың) теңге (1 қатысушыға). Төлем көрсетілген соманы Kaspi.kz қосымшасы арқылы университет есепшотына аудару арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Семинар соңында қатысушыларға таратылатын материал мен сертификаттар беріледі. Дәрістерді институт жетекшісі Т.Жұмағазин жеке өзі өткізеді. Семинарға қатысу туралы институт жетекшісі Талғат Жұмағазинге хабарласуға болады.
Тел.: 8-701-521-5007. Электрондық пошта: t.b.zhumagazin@gmail.com