ТДМ аясындағы Денсаулық және әл-ауқат

2015 жылғы 25 қыркүйекте БҰҰ-ға мүшелі мемлекеттер 2030 жылға дейінгі «Тұрақты даму мақсаттары» (ЦУР) кабылданған бағдарлама бойынша біздің университетімізде нақтыланған жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Акушерия және гинекология №2 кафедрасы «Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламасы бойынша бірнеше мақсаттарды орындауды жоспарлады. Белгіленген мақсатардың бірі «Денсаулық пен әл-ауқат» (3-ші мақсат), осы бағыт негізінде 2025 жылдың 15-шы қаңтар күні кафедра ассистенті Касаева Н.Е. және резиденттердің бірлесуімен «№11 Жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясына» барып 6-8 сынып оқушылары арасында «Етеккір қызметі және оның реттелуі» тақырыбында дәріс жүргізілді. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, талқылау жүргізілді.

Шараның мақсаты – жалпы халық арасында оқу-ағарту жұмысын жүргізу, саналы, білімді тұлғаларды қалыптастыруға үлес қосу.